Бұл туралы polisia.kz порталы хабарлады.
Арнайы операция нәтижесінде 30 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Оның рюкзагынан 44 сіріңке қорабына салынған марихуана табылды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 125,35 граммды құрады. Бұл дерек СДТБТ-да ресми тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау» бойынша жүргізіліп жатыр.