«Кінәні жеңілдететін мән-жағдайларды, яғни сотталушының бұрын сотты болмағандығын, шын жүректен өкінуін, жәбірленушінің оны кешіруін және кінәні ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот сотталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді», — деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала көз жұмды. Дәрігерлер балаға бас жарақаты диагнозын қойған.
Сәби өліміне қатысы бар деген күдікпен осы баланы қарап-баққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қыз УҰИ-ға қамалды, бірақ қалалық сот күдіктіге «үй қамағы» санкциясын берді. Алайда, күдікті кейін қайта қамауға алынды.