2024 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жакуповтың төрағалығымен департамент қызметкерлері үшін«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.
Семинар барысында шақырылған спикер -Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт баяндама жасап, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Семинар қорытындысы бойынша екі департаменттің өзара іс-қимылын жақсарту және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бірлескен жұмыс қажеттілігі жөнінде ұсыныстар айтылды.