Биылғы жылдың басында аталған департамент «Сигма газ» компаниясының Қарасай ауданында газды қымбат сатуына байланысты тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 10 наурыздан бастап газ бағасы текше метріне 33,76 теңгеден 28,94 теңгеге төмендетілген болатын. Алайда, бекітілген тарифке қарамастан, осы уақытқа дейін компания газды 33,25 теңгеден саудалаған.
Қарасай ауданының әкімі орынбасарының бастамасымен және тұрғындардың шағымына байланысты компания жұмысына тағы да тексеріс жүргізіледі.
Бұған дейін «Сигма газ» компаниясына 2 млн теңге айыппұл салынғанын жазғанбыз.