Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 27 сәуірде Астана уақыты бойынша 07:44-те тіркеді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 8,7. MPV магнитудасы — 4,0», — делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.