Үрімшіде «Қазақстан темір жолы» ҰК басшылығы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) Коммунистік партиясының хатшысы Ма Синжуй мырзамен кездесу өткізді.
Тараптар теміржол тасымалының тұрақты өсу қарқынын атап өтті.
Өткен жылы өсім — 14,5%, ал осы жылдың алғашқы екі айында — 30% құрады, оның ішінде Қазақстаннан ҚХР-ға экспорт 1,6 есе өсті.
Кездесуде көлік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері — Бақты-Тачэн үшінші теміржол шекара өткелінің құрылысы, Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективалары талқыланды.
ШҰАА басшылығы Үрімші қаласында ҚТЖ терминалын құруды қолдайды және Алматы агломерациясында барлық қажетті көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бар сауда хабын құру жобасына қолдау білдірді.
Ынтымақтастықты күшейту үшін тараптар тұрақты негізде кездесіп тұруға келісті.