Алматы облысының полиция департаменті мәліметінше, тергеу барысында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Сондай-ақ, 8 бейнематериал зерттеліп, күдіктілердің барлығына құқықтық баға берілді.
«Қылмыстық істің көлемі – 62 том. Әрбір тергеу әрекеті заң талаптарына сәйкес жүргізілді. Тергеу процесінде ашықтық пен объективтілік қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, тергеу барысы мен конституциялық құқықтардың сақталуын прокуратура бақылауына алды», – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.






