Шерзат Болаттың жақындарына қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды alataunews.kz.
Еңбекшіқазақ аудандық соты әкімшілік іс жүргізу тәртібімен істерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешім шығарған:
Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін азамат Қ.Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сондай-ақ Қаржаубайдың әпкесі Бақыт Реймова азаматтығы жоқ адам жасаған бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 15 тәулік қамауға алу және елден депортациялау (ҚР азаматы емес) жазасына кесілді.
Туған қарындасы Салтанат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20АЕК (73 840 теңге) айыппұл төлейді.
Жездесі әкімшілік сотқа бүгін тартылады.