Сот процесінің басында судья әрбір айыпталушыдан жеке деректерін айтып беруін сұрады. Осы сәтте олардың білімі, отбасы жағдайы, жұмыс орны және бұрынғы соттылықтары жайлы мәліметтер белгілі болды.
Айыпталушылардың кейбіреулері ауыр қылмыстар үшін бұрын жазаға тартылған, мысалы:
-
Шыңғыс Белғожаев – 2015 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған;
-
Равиль Сакиев – прокурор талабын орындаудан бас тартқаны үшін 2,6 жылға шектелген;
-
Нұрқияс Ілиясов – орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіргені үшін сотталған, мерзімі әлі өтелмеген;
-
Азамат Тоқтаубаев – 2024 жылы қауіпсіздігі орташа колонияға 7 жылға сотталған.
Қалған бес айыпталушының кейбірі бұрын тергеуге іліккенімен, сотталмаған. Сонымен қатар, іс фигуранттарының арасында кәмелетке толмаған мектеп оқушысы да бар.