Сол уақытта министр жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды тапсырған болатын. Алайда, мердігерлер құрылысқа тиісті қаражатын ала алмай жүргендіктен жұмыс баяу жүруде. Бірақ құрылысты компания өз қаражатына жалғастыруда.
Бүгінгі таңда ұзындығы 6,01 км-ге созылған жол құрылысына толық көлемде жұмыс жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының 80%-дан астамы орындалды. Сонымен эстакаданы, екі өткелді, екі көлік айрығын және басқа да жасанды құрылыстарды салу жұмыстары аяқталуда.
Сондай-ақ, асфальт-бетон қоспасының негізі мен жабынын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні 1400 мың метр куб жер төсемі, 2,76 км қосымша негіз қабаты, 2,64 км ірі түйіршікті кеуекті асфальтбетон негізінің жоғарғы қабаты, 2,23 км ірі түйіршікті тығыз асфальт-бетон жабынының төменгі қабаты орындалды.
Сонымен қатар учаске бойынша қозғалыстың бір бөлігі ғана 2023 жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда. Нысанды пайдалануға беру 2024 жылдың тамыз айына жоспарланған.