Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы карьерден республикалық Бурылбайтал-Құрты автожолын салуға қажетті құрылыс материалдарын тасымалдау үшін Ұзынағаш-Құрты облыстық маңызы бар автожолы пайдаланылады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Алайда, жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақтан асқан жүктемемен қатынауы жол жабынының бұзылуына алып келуде.
Биылғы жылдың сәуір айында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда қарқынды жүк тасымалы салдарынан жолдың жағдайы тағы да нашарлап кетті. Алматы облысының әкімдігі Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен мердігер «KLV Insaat» компаниясына жолды қалпына келтіру туралы өтініш жолдады.
Қазіргі уақытта «KLV Insaat» мердігер компаниясы уақытша шұңқырларды жамау жұмыстарын жүргізді. 2025 жылы Бурылбайтал-Құрты автожолының құрылысы аяқталған соң, Ұзынағаш-Құрты жолына жөндеу жұмыстары жоспарлануда.