Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Серік Күдебаев өз кінәсін толық мойындап, жаза ретінде айыппұл салуды сұрады

Алматы облысы Кеген аудандық сотында экс-генерал Серік Күдебаевқа қатысты іс қаралып жатыр.

18.07.2023
Аймақ

Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілінген. Сотталушы өкініп, өз кінәсін толық мойындады.

«Мен өз кінәмді толық мойындаймын», — деді С. Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.

Адвокаттың айтуынша, істі қарау барысында экс-генерал өзіне тағылған айыпты мойындаған.

Осыны, сондай-ақ Серік Күдебаевтың сотталғанын ескере отырып, қорғаушы тарап оған 500 АЕК (1 млн 725 мың теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде балама жаза тағайындауды сұрады.

Адвокат оның қорғаушысы қылмыскер емес екенін, өз қателігін түсінгенін атап өтті.

Бұған дейін сотталушы процестік келісім жасағысы келетінін айтып өтініш білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын.

Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.

Ол биылғы 30 наурыз күнгі сот отырысына келмеді. Сондықтан оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шықты.

Артынша генералдың елден қашып кеткені белгілі болып, Талдықорған қалалық соты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялады.

27 сәуірде Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Тегтер: Серік Күдебаев

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области состоялся диалог с молодежью о новой Конституции

Николай Иващенко
22.02.2026

Пять тысяч военнослужащих приняли участие в масштабной проверке Десантно-штурмовых войск

Николай Иващенко
22.02.2026

Подростка привлекли к ответственности за ложное сообщение о теракте в Костанае

Николай Иващенко
22.02.2026

Два рыбака застряли на отколовшейся льдине на Капчагае

Николай Иващенко
22.02.2026

Минторговли намерено увеличить экспорт готовой продукции Алматы и Алматинской области на 1,5 млрд долларов США к 2030 году

Николай Иващенко
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz