Бұл шара қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Байқаудың негізгі мақсаты — журналист болуды армандайтын оқушылардың білім грантын жеңіп алуына мүмкіндік беру. Одан бөлек, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, журналистика мамандығына қызығушылығын арттыру және шығармашылық ізденіске жұмылдыру.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең онлайн тест форматында 22 сәуірде, екінші кезең — эссе жазу 5 мамыр күні СДУ базасында өткізіледі.
«Эссе конкурсы бойынша I орын алған оқушыға СДУ-дың 4 жылдық білім гранты, II орынға 50 пайыздық, III орынға 30 пайыздық жеңілдік беріледі. Байқау жеңімпаздарына сертификат мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі», — деп жазды университеттің баспасөз қызметі.
Білім грантын табыстау мен атаулы шараның салтанатты жабылу рәсімі 6 мамыр күніне жоспарланған.
«Тіркелу 2023 жылғы 21 сәуір сағат 23.59 дейін», — делінген хабарламада.
Тіркелу формасы: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfqKfxCECAYoT7e2Cen4ymNwSx5o_nyZnH-lF70aFnE7MMgdQ/viewform?usp=sf_link
Байланыс нөмірі: +7 778 912 8183