«Өңірлерде жүргізілген зерттеулер барысында мұндай жағдайлар Шығыс Қазақстан облысы (76,6%), Алматы қаласы (13,3%) және Қостанай (3,3%), Жетісу облыстары (3,3%) бойынша тіркелді», – деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Зерттеулер кене энцефалиті вирусының антиденелерін/антигендерін анықтауға бағытталған генетикалық және иммуноферменттік әдістермен аса қауіпті инфекциялар зертханасында жүргізіледі.
Кене энцефалиті – вирустық жіті инфекциялық ауру. Ауру кене шаққанан кейін күшейеді. Адам ағзасында вирус орталық жүйке жүйесіне (ми мен жұлын) еніп, көбейеді. Кене энцефалитінің инкубациялық кезеңі 14-тен 30 күнге дейін созылады.