Бұл көмек медициналық қызметтің сапасын арттырып, аймақтағы тұрғындарға жедел жәрдем көрсету мүмкіндігін жақсартуға бағытталған.
Жаңа жедел жәрдем көлігі алғашқы реанимациялық іс-шараларды орындауға, науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсетуге және оларды жайлы тасымалдауға қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Автомобильді тапсыру рәсімі Ынтымақ ауылындағы дәрігерлік амбулатория аумағында өтті. Іс-шараға «Маревен Фуд Тянь-Шань» фабрикасының директоры Құрманов Сырым және Алатау қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Қайырымдылық – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
Алатау қаласы өткен жылы «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясының қызмет аясында пайда болды. Осыған байланысты компания бұл аймақты әлеуметтік қолдау жобаларының біріне таңдап алды. Өңірдегі ірі инвестициялық жоба ретінде «Маревен Фуд Тянь-Шань» сапалы өнім өндірумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ұсынып, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін де атқарып келеді.
Фабрика директоры Құрманов Сырым бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті:
“Біздің компанияда 660-тан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 95%-ы жақын маңдағы елді мекендерден: Арна, Заречный, Жетіген және басқа ауылдардан келеді. Біз мұндай қолдаудың қалаға пайдасы тиетініне сенімдіміз. Себебі тіпті бір адамның өмірі құтқарылса, бұл біздің дұрыс шешім қабылдағанымыздың дәлелі.”
Әлеуметтік қолдау жалғасады
Компания тек жедел жәрдем көлігін сыйлаумен шектелмей, қала тұрғындарына, балалар мен зейнеткерлерге тұрақты түрде әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта «Маревен Фуд Тянь-Шань» Алатау қаласында спорт алаңын салу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл бастама өңірдегі спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға өз үлесін қосады.
«Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясының бұл игі ісі әлеуметтік жауапкершілік пен жергілікті қауымдастықты қолдаудың жарқын үлгісі болып табылады. Мұндай бастамалар бизнес пен қоғамның өзара серіктестігін нығайтып, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.