2024 жылдың 31 қазанында жаңадан тағайындалған Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы тәлімгерлер кеңесінде қорытынды отырыс өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жиынға жоғары оқу орнын мемлекеттік білім грантымен оқудың орташа өлшемі GPA 3,33-тен жоғары үлгерімімен үздік аяқтап, мемлекеттік қызметке конкурс өткізілместен орналасқан жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Тәлімгерлер кеңесінің отырысын аша отырып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жакупов мемлекеттік басқару сабақтастығын дамытудың және институционалдық жадыны берудің, бастамашалдық пен мемлекеттік қызметшілердің жеке дамуының маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметтің жаңа басшылар буыны мен ардагерлерінің үйлесімді жұмысы бұған ықпал ететін болды.
Отырыс қорытындысы бойынша, Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік бағдарларды және құндылықтардың тұрақты жүйесін қалыптастыруға көмектесетін бірқатар ұсыныстарды айтты.