Балқаш ауданы, Жиделі ауылдық округінің аумағында, Балқаш көліне Байменей ағынының құятын жерінде мұз кептелісі пайда болғаны анықталды. Салдарынан Жиделі ауылдық округі арқылы өтетін суару каналындағы су деңгейі көтерілді, осыған байланысты Жиделі ауылдық округінің су басу қаупі туындаған.
Бұл ауылдық округте 1 330 тұрғыны бар 293 жеке тұрғын үй бар. Каналдың ені — 5-6 метр, тереңдігі — 4 метр, су ағыны — 0,4 текше метр/с.
Суару каналына тексеру жүргізілді, жұмыс учаскелері анықталды, ТЖД, ЖАО және мердігерлік ұйым күшімен бөгет салу және суару каналын механикалық тәсілмен тазарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Іс-шараларға ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымның 39 қызметкері мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды. Жұмыс жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта су басу қаупі ішінара жойылды.