Министрге баяндама жасаған облыстық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Алмас Батановтың айтуынша, өңірде биыл қаңтар айында автобус паркі құрылды. Оған 300 қоғамдық көлік Алматы қаласынан әкелінді. Десе де, бұл автобустардың 90 пайызы жарамсыз күйде, жөндеуді қажет етеді.
«Аталған мәселені шешу үшін 130 автобус сатып алу қажет. Бізге министрлікке қарасты өнеркәсіпті дамыту қорынан лизингтік бағдарлама бойынша қолдау керек. «Yutong» маркалы автобустарын сатып алуға керекті қаржы көлемі — 6 млрд теңге», — деді Алмас Батанов.
Өз кезегінде өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев қоғамдық көліктердің газбен жүретін болғаны дұрыс екенін айтты. Себебі, біріншіден, газ — дизельді отыннан қарағанда арзан, сәйкесінше, қаржы үнемделеді, екіншіден, экологиялық тазалық жағынан газ әлдеқайда жақсырақ.
«Qazaq gaz» компаниясы өңірде газ бекеттерін салуға ниетті болып отыр. Облыстың аудандарынан күніне Алматыға 400 мың адам қатынайды. Бұдан бөлек, бізге мектеп тасымалымен айналысатын автобустар да қажет. Ал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға автобус сатып алу үшін бөлінетін ақшаға кепілдік болады», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Министр Марат Қарабаев бюджетке ұсыныс жасап, жиынның тиісті хаттамасына осы мәселені енгізуге тапсырма берді.
«Біздің тарапымыздан қандай көмек керек болса да, қолдау көрсетуге дайынбыз. Әр мәселенің осылай ашық айтылғаны дұрыс», — деді министр.