Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қоқыс толы стадион, жөндеу көрмеген жол: Шеңгелдінің жағдайы қалай?

Alataunews.kz сайты Алматы облысындағы ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысу үшін «Ауылым айтсын» айдарын бастады.

06.09.2023
Аймақ
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Тілшілер барған ең бірінші ауыл облыс орталығы – Қонаев қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Шеңгелді ауылы.

Ең алдымен журналистер Талдықорған-Алматы трассасының жиегінде пияз сатып тұрған шаруалармен сөйлесті. Олардың айтуынша, биыл жуаны саудалау қиын болып тұр. Себебі былтыр «Алтын орда» базарына көтерме бағамен пияз өткізген шаруалардың алдын қордайлықтар орап алған.

«Қордай шаруаларының саудасы пияз бағасының төмендеуіне әкелді. Еккен еңбек, төккен тердің пайдасын көре алмай отырмыз. Амал жоқ, жол бойында пияз сатып жатырмыз», — деді есімін жасыруды сұраған тұрғын.

Фото: Дамир Нұрқасым

Суармалы судың жоғары тарифі мен оның жетіспеушілігі, сорғы стансаларының тозуы – бұл да мәселе. Дегенмен көкөніс қоймасының аздығы, өнім өткізудің азабы да кезек күттірмей шешілуі қажет проблема.

Содан соң тілшілер ауылдың мектебі орналасқан басты көшесіне барды. Мұнда тау болып үйілген қоқыс бірден көзге түсті. Үйіндінің қасында қараусыз қалған ғимарат орналасқан. Оның да іші күл-қоқысқа толы. Антисанитариялық жағдайға қарамастан, бұл жерде балалар ойнап жүр. Көше шетіндегі суағар да қоқыстан тазартылмаған. Тратуардың жан-жағын басқан шөптен аяқ алып жүре алмайсың.

Фото: Дамир Нұрқасым

Елдімекендегі жалғыз мектептің стадионы ауылдық округ әкімдігінің балансында. Күтіп-баптауға солар жауапты. Бірақ, 1 -қыркүйек күні жаңа оқу жылы басталғанымен, стадион денешынықтыру сабағына дайын емес. Тікенекті шөп басқан алаң қараусыз қалған. Стадионның бір бұрышында кішігірім «Workout» алаңы да орналасқан. Алайда ол сапасыз салынғандықтан, орындықтарының ағашы түсіп, құрал-жабдықтары қирап, іске жарамай тұр.

Шеңгелдіде Кеңес заманында бой көтерген тұрғын үйлер аз. Соның бірінде балалар алаңы бар екен. Дегенмен оның да күтім көрмегеніне біршама уақыт болған.

Фото: Дамир Нұрқасым

Ауылда егістік алқаптарына, балық шаруашылықтарына апаратын жалғыз жол да 30 жылдан бері жөндеу көрмеген.

«Жол шұрық-тесік болып кеткен. Жөндеу жасалмағалы қателеспесем 30 жылдан асты. Машақатын шаруалар көріп отыр», — деді тұрғын Темірбек Көшербаев.

Фото: Дамир Нұрқасым

Тілшілер тілдескен көпбалалы ана Маржан Кенжегарина болса, интернет мәселесі туралы айтты.

«4 балам мектепте оқиды. Олар үйден шықса, таппай қалатын халге жеттім. Мамыр айында байланыс операторларының стансасы дауылдан құлап қалған. Содан бері ғаламтор жылдамдығымен алысып келеміз. Елдің бәрі билайн-ға ауысып жатыр. Бірақ, менің қалтам көтермейді. Тариф өте қымбат. Жауаптылар мәселені шешуге асығар емес», — деді Маржан Кенжегарина.

Бірінші түсірілім барысында байқалған проблемалар – осы. Аталған мәселелерге назар аударып, шешуді ауыл әкімдігінің еншісіне қалдырдық.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқоқысШеңгелді

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz