Оның айтуынша, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсететін мемлекеттік 1 ғана инватакси бар. Оның өзі апаттық жағдайда тұрғандықтан, қызмет көрсетуге жарамсыз.
«Қала бойынша жарамсыз мемлекеттік инвакөліктен бөлек, біздің бірлестікке тиесілі 1 ғана инватакси бар. Оны біз 2019 жылы сатып алғанбыз. Ендігі жылдан бастап қызмет көрсетуді тоқтатқалы отырмыз. Себебі, бұл саланың жұмысы бір жолға қойылмаған. Жергілікті экономика бөлімі инва сағатты қалай есептейтінін түсінбеймін. Олардың есебі дизель отынының, бірлестік қызметкерлерінің еңбекақысын, техникалық жөндеу шығынын еш өтемейді. Ал мұндай әрекетке бару — бірлестікті тек шығынға батырады. Жаңа инватакси сатып алу керектігі туралы айтып жүргеніме 2 жылдай уақыт болды. Ешкім мені тыңдағысы келмейді. Осы аталған 2 мәселені назарыңызға алуыңызды сұраймын», — деді облыс әкіміне сұрақ қойған Ләззат Салықова.
Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев болса бұл мәселе тек Қонаев қаласына тиесілі проблема емес екенін айтты.
«2023 жылы Талғар ауданына 6 инватакси сатып алынады. Тиісті құжаттар реттеліп болғанша соның біреуін Қонаев қаласына береміз. Көктемде бюджет мәселесі қаралғанда, сіз айтқан ұсынысты қосамыз», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, шаһарда 1400 мүмкіндігі шектеулі тұрғын бар, оның 305-і балалар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram