Жалпы аумағы 8 гектар жерді алып жатқан саябақта субұрқақтар, сахна, көрермен орны, дүңгіршектер, түрлі шағын сәулеттік мүсіндер бар. Орындықтар, жарық шамдары, қоқыс жәшіктері қойылған. Сондай-ақ саябақ аумағына 584 түп ағаш егілген. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін спорт және футбол алаңы салынған.
Өткен жылдың соңында орталық саябақта Б.Соқпақбаев пен оның танымал туындысы «Менің атым Қожаның» шағын сәулеттік нысаны ашылса, 11 қаңтар күні мұз айдыны қолданысқа берілмек. Сонымен қатар қаладағы Центральная көшесі қазақ әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың есімімен аталғанын айрықша атағымыз келеді.