«Тергеудің мақсаты наразылықтың туындау себептерін анықтау және мүгедек балалардың Орталықта болу жағдайларын жақсарту үшін шаралар қабылдау», — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тергеу нәтижелері орталықтың жұмысындағы қажетті өзгерістерді анықтау және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін пайдаланылатын болады.
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедек балалар мен олардың ата — аналары үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қойылған барлық талаптар мен тілектерді ескереді», — деді әкімдікте.
Жалпы, ата-аналар балалардың тамақтануына қатысты шағым түсірген. Еске саламыз, орталықта балалар төрт мезгіл тамақтануы тиіс.
Тергеу нәтижелері ашықтығын қамтамасыз ету үшін жұртшылыққа және мүгедек балалардың ата-аналарына ұсынылады.
Күндізгі болу орталығының мақсаты әртүрлі аурулармен ауыратын 1,5 пен 18 жас аралығындағы мүгедек балаларды бейімдеу, түзету және оңалту. Орталықта дефектологтар, логопедтер, кәсіби терапевттер, массаж терапевттері және басқа да түрлі мамандардың қызметі бар.
Бүгінгі таңда Алматы облысында мүгедектігі бар 42 245 азамат тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны — 6 557.
Әкімдіктің мәліметінше, статистикалық деректер мүгедектігі бар ересектер санының жыл сайын орта есеппен 2,4%-ға, мүгедектігі бар балалар санының 11,8%-ға өскенін көрсетіп отыр.
«Туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру және қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында мүгедек адамдарға стационар, жартылай стационар және үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі», — деп мәлімдеді әкімдікте.