Оның айтуынша, 2022 жылдың желтоқсанында қаланың білім бөлімінің ведомстволық ұйымдарының жылжымайтын мүлік объектілеріне түгендеу жүргізілді. Көшпелі іс-шаралар 17 нысан бойынша жүзеге асырылды. Бұл 10 мектеп, балалар шығармашылығы және жазғы демалыс орталығы, 5 балабақша, колледж.
Түгендеу барысында анықталған негізгі заң бұзушылықтар:
— жер учаскесінің бір бөлігін жеке тұлғаға беру;
— құқық белгілейтін құжаттардың қолда бар жылжымайтын мүлік техпаспорттарымен және тұрақты жер пайдалану құқығына актімен сәйкес келмеуі;
— мектептердің жобалық қуатынан оқушылар санының артуы.
Түгендеу жүргізу үшін ұсынылған білім басқармасының қызметкері көшпелі іс-шараларды жүзеге асырудан бас тартқаны атап өтілді.
2023 жылы облыстың барлық коммуналдық меншік объектілерін түгендеу міндеті тұр.