Жылуды мерзімінен ерте беруге шаһар басшысы Нұрлан Құматаев өкім шығарған.
«Тұрғындар өткен жылыту маусымындағы жылу және ыстық су үшін қарыздарды өтеу қажет. Жылу төлемнің жоғары пайызы бар үйлерге беріледі. Төмен пайыздық төлемдері бар үйлер соңғы кезекте қосылады», — деп жазды мекеме әкімшілігі.
Сондай-ақ мекеме өкілдері тұрғындардан пәтер ішіндегі жылыту жүйелерін дайындауды, радиаторларды, фитингтерді тексеруді, терезелер мен есіктерді жылылауды сұрайды.
Қарыз сомасын нақтылауға арналған телефон: 8-72772-4-03-49.
Анықтама телефоны: 8-72772-2-65-86.