Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаевта жаңа кәріз-тазарту жүйесі салынады

Қонаев қаласында бірнеше жылдан бері тұрғындарды алаңдатып келген кәріз-тазарту жүйесінің мәселесі кезең-кезеңімен шешілмек, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жағымсыз иіс шығарып, толықтай тозығы жеткен қолданыстағы нысанның орнына жаңа заманауи кәріз-тазарту жүйесін салу жоспарланып отыр. Қазіргі ескі нысан қала аумағынан шамамен 3–4 шақырым жерде орналасқан болса, жаңа кешен Қонаев қаласынан 15 шақырым қашықтықта бой көтереді.

Жобаның тапсырыс берушісі – Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы. Құрылыс мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылады. Жобадағы серіктес компания – «Daur Capital» ЖШС.

Мамандардың мәліметінше, жаңа нысанның құрылысы шамамен 20 ай ішінде аяқталады. Жобаның жалпы құны 33 млрд теңгеден асады.

Жаңа кәріз-тазарту жүйесінің қуаттылығы тәулігіне 25 текше метрден астам суды сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді. Нысан 215 гектар аумақта салынып, заманауи технологиялық талаптарға сай жабдықталады.

Қазіргі таңда құрылысқа дайындық жұмыстары басталған. Негізгі технологиялық жабдықтар, құбырлар және жинақтаушы тоғандарға арналған гидрооқшаулағыш материалдар сатып алынған.

Жауапты мамандардың айтуынша, жаңа кешен іске қосылғаннан кейін тозығы жеткен ескі кәріз-тазарту жүйесі рекультивацияланып, экологиялық талаптарға сәйкес қалпына келтіріледі.

Айта кетейік, жаңа инфрақұрылым жобасы Қонаев қаласының экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Минторговли намерено увеличить экспорт готовой продукции Алматы и Алматинской области на 1,5 млрд долларов США к 2030 году

Николай Иващенко
20.02.2026

Казахстанцам продлили срок добровольного возвращения из Южной Кореи до конца февраля

Николай Иващенко
20.02.2026

Какая погода будет в выходные в Алматинской области

Николай Иващенко
20.02.2026

Цех по производству пластика вспыхнул ночью в Алматинской области

Николай Иващенко
20.02.2026

О чем говорил Касым-Жомарт Токаев на заседании Совета мира в Вашингтоне

Николай Иващенко
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz