Жағдай қала әкімі Асхат Бердихановтың, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары мен инвестордың келіссөздерінен кейін оң шешімін тапты. Инвестор өз қаражатына жаңа саябақ салуға кірісті.
«Жұмыстар басталып кетті. Мұнда қала тұрғындары үшін тағы бір демалыс және серуен аймағы ашылады. Спорт және балалар алаңдары, шағын сәулет нысандары орнатылады. Бұл – жайлы қалалық орта құрудағы маңызды қадам», – деді Асхат Бердиханов тұрғындармен кездесу барысында.
Болашақта инвестор тағы екі жоба – Комсомол көшесі маңы мен теміржол вокзалы аумағында саябақ салуды жоспарлап отыр. Қазір бұл бастамалар қаралу кезеңінде.
Кездесуде тұрғындар көше жарығы, кәріз жүйесін тарту, балалар алаңдарының сапасын арттыру сынды өзекті мәселелерді көтерді. Әкім бұл проблемалардың кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.






