Еліміздің көк Туын желбіреткен көліктер шаһардың басты көшелерімен жүріп өтіп, орталық алаңда аялдады. Автокөліктердің көшін қаладағы ретро көрменің директоры мотоциклмен бастап жүрді. Науқанға «Amanat» партиясының өкілдері, еріктілер, белсенді жастар қатысты.
Акцияның мақсаты — ұлттық рәміздерімізді ұлықтап, насихаттау.
«Ел іргесі мығым болсын! Көк Туымыз биіктерде желбірей берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Мемлекеттік рәміздеріміз тек мерекелерде ғана емес, күнделікті ұлықталуына тілектеспін», — деді шараның басы-қасында жүрген Аслан Көбентаев.