«Қонаевта мемлекеттік қызметшілерді пәтермен қамтамасыз ету үшін ақша Үкіметтің резервінен бөлінді. Бұл қаржыға пәтерлерден бөлек, облыс әкімдігінің және мемлекеттік кірістер департаментінің (бұрынғы «Фламинго» ойынханасы) ғимараттарын сатып алдық. Осыған дейін 290 мемлекеттік қызметшіге пәтер кілті табысталды», — деді шаһар әкімі Нұрлан Құматаев.
Сондай-ақ ол әкімшілік нысандар тұрғызу үшін әзірленетін жобалық-сметалық құжатқа 2,6 млрд теңге қаржы бөлінгенін атап өтті.
«Облыс әкімдігінде 24 басқарма, бұдан басқа орталық органдар бар. Қаланың бас жоспарына сәйкес, олардың ғимараттары қай жерде орналасатынын шешіп, жер мәселесін қарастырып жатырмыз», — деді әкім.