Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаевта дәрігерлер ғасырлар бойы сақталған сенімді хирургиялық әдісті қолданылып, ота жасады

ӘМСҚ Алматы облыстық филиалының мәліметінше, Қонаев қалалық орталық ауруханасында науқастың төменгі жақ сүйегіне тігіс салынды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
08.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалық

Қазіргі заманғы жақ-бет хирургиясының әдістері туралы айтқанда, көбінесе жаңа технологиялар, компьютерлік навигация немесе 3D-импланттар еске түседі. Алайда, уақыт сынағынан өткен және бүгінге дейін орны толмас әдістер бар. Солардың бірі — жүз жылдан астам тәжірибеден өткен сүйек тігісі.
Остеосинтез деп аталатын бұл техника Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болған. Сол кезден бері ол бүкіл әлем бойынша ондаған мың науқасқа көмектесті. Қазіргі XXI ғасырда да бұл әдіс клиникаларда қолданылады, яғни заманауи бекіткіштер жеткіліксіз немесе мүмкін болмаған жағдайларда қарастырылған.
Принципі қарапайым, бірақ сенімді: сүйек бөліктері арнайы тот баспайтын болаттан немесе титаннан жасалған сым арқылы қосылады. Мұндай тәсіл берік бірігуге, тез қалпына келуге және асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Дәл осындай ота Алматы облысындағы Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы қабырғасында жүргізілді.

— «Біз сүйек тігісін жаққа қатысты түрлі жарақаттарда тиімді әрі қауіпсіз шешім ретінде әлі күнге дейін қолданамыз. Кейбір жағдайларда бұл шынайы оңтайлы таңдау», — дейді аурухананың жақ-бет хирургиясы дәрігері Найля Байшекова.

Жақында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жасалған ота әдістің тиімділігін тағы да дәлелдеді. Сүйек тігісінің тарихы — жаңалықтардың бәрі ескіні ығыстыра бермейтінін айқын көрсететін дәлел. Кейде дәл уақыт сынынан өткен шешімдер ең сенімді әрі қолжетімді болып шығады.

 

Тегтер: ӘМСҚБасты жаңалықтарқонаев ауруханасыосмс

Соңғы жаңалықтар

В ЦИКе Казахстана показали, как будет выглядеть бюллетень на референдуме 15 марта 2026 года

Николай Иващенко
23.02.2026

Мужчина попал под лавину в горах Алматы

Николай Иващенко
23.02.2026

Полиция усиливает контроль на трассах с помощью дронов в Алматинской области

Николай Иващенко
23.02.2026

Михаил Шайдоров стал знаменосцем Казахстана на церемонии закрытия Олимпиады-2026

Николай Иващенко
23.02.2026

Общенациональная коалиция провела серию встреч о новой Конституции с активом, трудовыми коллективами, молодежью и творческой средой

Николай Иващенко
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz