Кейбір өңірге қар түседі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте және елдің орталығында антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде жел күшеюі ықтимал.
Алматыда бүгін қатты жауын жауады. Ауа температурасы 9 градусқа түсті. Апта соңына дейін жаңбыр жаууы мүмкін.
Қонаев қаласында да температура бірден 9 градусқа күрт төмендеді. Күн жаңбырлы.