Олар Алматы, Вивальди, Абай, Әуезов, Железнодорожная, Сидранская көшелері және Қарлығаш ықшам ауданындағы 3 көше мен «Алтын алма» саяжайының көшесі бар. Қазіргі уақытта, барлығының жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған соң бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер компания анықталады. Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Одан бөлек, Сейфуллин көшесі кеңейтіліп жатыр. Жоба 2023-2024 жылдарға арналған. Ұзындығы 5 шақырымнан астам көшенің ені 15 метрге ұлғайтылды. Жолдың басым бөлігіне 2 қабат асфальт төселді. Тротуар мен веложүргізушілерге арналған жол жасалып жатыр. Көше бойына ақылды шамдар орнатылды. Биылға жоспарланған жұмыстар басталды. Аялдамалар қойылып, көше абаттандырылады.
Сондай-ақ 8-10 ықшам ауданның жолы күрделі жөндеуден өтуде. Мердігер — «Асар строй» ЖШС. Жоба бойынша көшенің ұзындығы — 14 шақырым.
Қаладағы ойық-шұңқырлы жолдарға ағымдағы жөндеу жасау үшін конкурс ойнатылып, мердігер компания анықталды. Жөндеу жұмыстары 30-31 наурыздан басталады.
«Ақылды қала» тұжырымдамасына сай, шаһар көшелеріне «ақылды» 18 бағдаршам және арнайы бағдарламамен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі салынады. Тапсырыс беруші — Алматы облысының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы. Жоба 2025 жылға өтпелі.