Оқиға жасөспірімдердің тұрғыннан баласының қауіпсіздігі үшін скейт алаңынан оны алып кетуді өтінгенінен басталған. Содан кейін тұрғын оларды балағаттап, тіпті, ұрмақ болған. Оның бұл ісі түгелдей бейнежазбаға түскен.
Аталған жайтқа байланысты Қонаев қаласының полиция басқармасы азаматтың Б. есімді тұрғын екенін хабарлады. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша іс қозғалып, әскери полицияға жолданды.