Қонаев қаласының орталық алаңындағы сауда таңғы сағат 8:00-де басталды. Өңір шаруалары жұртшылыққа жалпы салмағы 141 тонна болатын жеміс-жидек, көкөніс және ет өнімдерін ұсынып жатыр. Тауарлардың бағысы кәнігі базарлардан 12-20 пайыз арзан.
«Мерекеміз құтты болсын дегім келеді. Көк байрағымыз аспанымызда қалқи берсін. Осындай қуанышты күндеріміз көп болсын. Ал жәрмеңке туралы айтар болсақ, бағасы нарықтағыдан қарағанда төмендеу. Әсіресе, қой етінің бағасы көңіл көншітерлік (2100 тг)», — деді қалаға арнайы Қосқұдықтан келген тұрғын Тоғжан Жүрінова.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласында өткен жәрмеңке туралы жазған болатынбыз.