Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram парақшасында жазды.
Қонаев полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйелдердің айтуынша, бейтаныс ер адам оларға зорлық көрсеткен.
«Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оны еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Екінші оқиғада 41 жастағы әйел күдіктінің құрбанына айнала жаздады», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар күдікті бар жағдайды камераға түсіріп, әйелдердің біріне «бәрі өз еркіммен болды» деп айтқызбақ болған.
Жәбірленушілер шабуыл жасаған кезде күдіктінің есірткіге мас күйде болғанын айтқан.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің зорлау бабына сәйкес тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.