Қонаевтағы полиция басқармасының мамандары абаттандыру ережесіне сай келмейтін заңбұзушылықтарды анықтау үшін үнемі рейд жүргізеді. Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сай 406 адам жауапкершілікке тартылған. Оның кейбіріне ескерту берілсе, кейбіріне айыппұл салынған.
Алматы облысының орталығында 5 учаскелік пункт бар. Күнделікті рейдке 20 полицей қатысады. Шара барысында түсіндірме жұмыстары да жүргізіледі.