«Бас жоспар бекітілгеннен кейін бюджеттік өтінімдерді қарастырамыз және республикалық бюджетті нақтылау кезінде бірінші жартыжылдықты енгіземіз. Бұл қаражаттар түзету барысына енген соң, тамыз айынан бастап әкімшілік ғимараттар салуға кірісеміз деп үміттенемін», — деді өңір басшысы.
Ол өңірге сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылысты театрдан немесе Мәдениет үйінен бастауды тапсырғанын атап өтті.
Облыс әкімінің айтуынша, құрылыстың белсенді кезеңі маусым айынан басталады.