Аталған жайт Алматы облыстық және Қонаев қалалық полицейлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тіркелді.
«Бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің есірткі, психотроптық, сол тектес заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Екі азамат та бұрын-соңды сотталмаған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Қонаев қалалық полиция басқармасының бастығы Ұлан Садықов.
Оның айтуынша, күдіктілер 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.