«Алматыда бізбен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз Алматыдан облыс орталығына оқу орындарын көшіргіміз келеді», – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесу барысында.
Ол сондай -ақ студенттер үшін өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндіктер жасалатынын атап өтті. Студент жастарға арнап кампустар да салынбақшы.
Жас мамандарға арналған жұмыс орындары да бар. Айтуынша, Алматы облысын дамыту бойынша айтарлықтай жоспарлар көп.
«Біз кірпіш зауытын саламыз, жалпы үлкен құрылыс болмақ. Өндіріс, өнеркәсіп аймақтарын қазір Алматыдан көшіруге тырысамыз. Өз тұрғындарымызды өңірге қайтарып, оларға облыста өмір сүру және жұмыс істеу үшін тиімді жағдай жасауымыз керек», – деп атап өтті Дандыбаев.
Билік мегаполистегі өмір мен баспана бағасының қымбат екенін ескере отырып, ЖОО мен колледждердің Алматы облысына көшуі студенттердің әлеуметтік өміріне оң әсер ететініне сенімді.