Ресми мәліметке сүйенсек, биыл облыс бойынша жылумен жабдықтаудың 5 жобасы жүзеге асырылады. Оған республикалық бюджеттен 404 млн теңге бөлінсе, жергілікті бюджеттен 841 млн теңге бөлінді.
Оның ішінде, Қонаев қаласының 2,4,5-шағын аудандарындағы 2,9 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту және салу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін бюджеттен 791 млн теңге бөлінді.
Қалған 4 жоба Еңбекшіқазақ ауданына тиесілі. Биыл бұл аудан аумағында 4 блокты-модульдық қазандық салынады. Құрылыс жұмысына 453,6 млн теңге жұмсалады.
«Сондай-ақ Қонаевтағы жылу желілері мен көздерін реконструкциялау бойынша 1 жобаның құжатын әзірлеуге 9,9 млн. теңге қаражат қарастырылды», — деп жазды басқарма мамандары.