«Қалалық автопаркті жаңарту мақсатында несиеге әрқайсысы 22 500 000 теңге тұратын 8 автобус сатып алынды. Ақпан айында тағы 4 автобус сатып алынады деп жоспарланып отыр. Бұл қоғамдық көліктер қазақстандық нөмір алып, заңдастырылған соң бірден қолданысқа беріледі», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғындарына қызмет ететін жапондық «ISUZU» маркалы автобустары 16 орындық. Алдағы уақытта орындарын көбейту үшін көліктер жөндеуден өтеді.
«Сонымен қатар Қонаев қаласында автобустардың жаңа бағыттары ашылады. Қала әкімдігі тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ететін «Қапшағай АТО» ЖШС-мен жаңа келісімшартқа қол қояды», — деп жазды баспасөз қызметі.