Мысалы:
- облыстық ветеринария, дін істері, тілдерді дамыту, құрылыс, сандық технология басқарма мамандары №1 және №2 қалалық жағажайды тазалады;
- мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық қадағалау, еңбек инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары — №5 қалалық жағажай;
- мемлекеттік сатып алу, спорт, мәдениет, мұрағат және құжаттама, қаржы, білім басқармалары — №7 қалалық жағажай;
- денсаулық сақтау, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, архитектура және қала құрылысы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармалары — «Жеңіс» паркінің аумағын тазалады.
«Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы бері бірінші рет сенбілікке шығып тұрмыз. Қала тазалығы тек қоғамдық жұмысшыларға ғана емес, тұрғындарға да, басшылыққа да керек», — дейді маманның бірі.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта да тазалыққа бағытталған түрлі науқандар ұйымдастырылады.