Онда Қонаев қаласының аудандық электр станциясының (бұдан әрі — АЭЖ) электр энергиясын ажыратудың проблемалық мәселелері қаралды.
Кеңес барысында тосқауылдар жөніндегі кеңестің төрағасы Г.С. Мерисов Қонаев қаласын электр энергиясымен қамтамасыз етуші компанияға қатысты біршама олқылықтарды жеткізді. Тұтынушымен жасалған шарттың ережелеріне сәйкес, тұтынушы кез келген желіде тұйықталу анықталған жағдайда электр энергиясын беру желісін ажыратуға құқылы. Желіге қосуды желіні тексергеннен және АЭЖ-қа берілетін жарамдылық актісін жасағаннан кейін тиісті рұқсаты бар кәсіпорынның штаттық электрик маманы жүргізеді.
АЭЖ пен тұтынушы арасындағы шарттың ережесіне сәйкес объектіде өзінің трансформаторлық қосалқы станциясы бар электр энергиясын тұтынушы штатта тиісті рұқсаты бар электрикті ұстауға міндетті делінген. Бірақ бұл қажет емес екені анықталды. Өйткені трансформаторлық қосалқы станциялар бірнеше жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді керек етпейді, дербес және дұрыс жұмыс істейді. Ал тұйықталу болған жағдайда олар кіріктірілген қорғанысқа ие.
«Сондай-ақ, шартта егер желілердің біреуінде ғана қысқа тұйықталу немесе ақаулар болса, АЭЖ шағын кәсіпорындардың барлық өз желілерін ескертусіз өшіруге толық құқылы делінген. Негізі қорғаныс автоматты түрде іске қосылады. Одан кейін АЭЖ қызметкерлері барлық жеке желілерді ешқандай ескерту, талқылаусыз өшіреді. Ал бұл энергия тарату желілері үшін мемлекет бекіткен үлгі шарттарға қайшы келеді», — деді тосқауылдар жөніндегі кеңестің төрағасы Г.С. Мерисов.
Кездесуде осы кедергілерді жою ұсынысы айтылды. Өйткені бұл шағын бизнеске айтарлықтай кері әсер етеді. Мәселен, солтүстік пирстегі туристік базалардың және 100 кВт-қа дейінгі электр энергиясын аз тұтынатын кәсіпорындардың дамуына тұсау болып отыр. Сонымен қатар тұтынушы АЭЖ шартына өзгеріс енгізеді.
Тауар нарықтарында және бәсекелестікті шектейтін өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарау және шешу мақсаты қойылды.
Егер сізде талқылауға қатысты ұсыныстарыңыз болса, мына электронды мекенжайға жіберуге болады: dazrk_alm@azrk.gov.kz.
Сондай-ақ Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайына немесе +7 (7282) 24-28-24 телефоны бойынша хабарласыңыздар.