- Электр желілері толықтай «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ иелігіне өтті. Бұл тұрғындарға электр энергиясын табиғи монополияларды реттеу департаментімен бекітілген тариф бойынша төлеуге мүмкіндік берді.
- Ауыз су және кәріз суы құбырлары: Құрылыс жұмыстары басталуы үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
- «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында: Көшені жарықтандыру бағаналары жаңартылып, футбол алаңы салынып жатыр. Бұл балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізуіне және қалалық ортаның ыңғайлы болуына септігін тигізуде.
Әкімнің мәліметінше, биыл бірнеше саяжайға шағынаудан мәртебесі беріледі. 7-ші саяжай тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін:
- Трансформаторлар мен электр желілері қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне өткізілу процесі жүріп жатыр. Кейін желілер «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға беріледі. Бұл жарықтың жиі өшу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
- Газдандыру: Қонаев қаласының Кешенді даму жоспарына сәйкес, барлық саяжайларды газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.
Асхат Бердіханов саяжайларды дамыту бойынша Бас жоспарға енгізілген түзетулер жайлы да айтып өтті:
«Қала аумағында 7 саяжай қалды. Қазіргі таңда сәулет және қала құрылысы бөлімі кооперативтердің басшыларымен бірлесе отырып, жер учаскелері, ғимараттар, инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымын түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Бас жоспарға енгізілген түзетулер Үкіметтің бекітуін күтуде. Бұл құжат саяжай аумақтарында әкімшілік, әлеуметтік нысандарды, кәсіпкерлік ғимараттарын және көпқабатты тұрғын үйлерді салуды көздейді,» – деді әкім.
Қонаев қаласындағы саяжайлар инфрақұрылымын дамыту жұмыстары бірнеше жылға жоспарланған. Ауыз су, кәріз жүйелері, газдандыру, электр желілерін жаңарту және әлеуметтік нысандар салу сияқты мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Бұл шаралар саяжайларда тұратын азаматтардың өмір сапасын арттырып, Қонаев қаласының тұрақты дамуына оң ықпал етпек.