Тексеру нәтижесі бойынша бизнестің үш субъектісіне қатысты Әкімшілік кодексінің 445-ші бабының 3-ші тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Ойын автоматтары залының иелері машиналарға технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы бойынша талаптарды сақтамаған.
«Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес, ол кем дегенде 95% болуы керек.
Қонаев қаласының әкімшілік мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы шешімімен және Алматы облыстық сотының (апелляциялық саты) 2023 жылғы 20 шілдедегі шешімімен ойын бизнесінің 3 субъектісі құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.
Олардың лицензиясы тоқтатылып, әрқайсысына 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
«7 әкімшілік іс қозғалды, 6 айыппұл салынды, бір ойын автоматтары залының иесі лицензиядан айырылды. Сонымен қатар, заңды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қатысуымен ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді», — дейді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.