Бұл туралы Алматы облысына іссапармен келген ТЖ вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты.
«Шомылу маусымында Қапшағай су қоймасына демалуға 30 мыңдай халық келеді. Ал құтқарушылар саны бар болғаны 50-ден астам. Бұл қауіпсіздіктің толық қамтамасыз етілу үшін жеткіліксіз. Сондықтан, су қойманы жағалай орналасқан демалыс орындарының басшылары да халық алдындағы жауапкершілікті сезінуі қажет. Олардың штаттарында құтқарушылар, медициналық қызметкерлер міндетті түрде қарастырылуы тиіс», — деді вице-министр.
Ибрагим Күлшімбаевтың сөзінше, демалыс орындарының талапқа сай келуін тексеру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Және қандай да бір заңбұзушылық орын алған жағдайда кәсіпкерлер қолданыстағы заңға сай жауапкершілікке тартылады.