«Қару» жедел-профилактикалық іс-шара аясында келесі мақсатты іс-шаралар өткізіледі:
— атыс қарулары, оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан анықтау және алдын алу мақсатында оларды сатып алу және заңсыз айналымға түсу көздерін белгілеу бойынша іс-шаралар;
— ІІМ БДБ «Криминалдық қару» есебінде мекенжайы анықталмаған санат бойынша есепте тұрған травматикалық қару иелерін іздеу, сондай-ақ оны заңсыз айналымнан алу;
— азаматтық қаруды сақтау бойынша заңнама талаптарын сәйкес тұрғылықты жері бойынша оның иелерін тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, қамтамасыз етіледі;
— «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қадағалау және бақылау» талаптарына сәйкесінше ҚР заңнамасына сүйене отырып, заңды тұлғалардың қару жарақтарды сақтауын қатаң түрде тексеру жұмыстарын жүзеге асырылады.
Анықталған бұзушылықтардың барлық жағдайлары бойынша заң бұзушылықтарды заңға сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары қабылданады.