«21 қаңтар күні полиция басқармасына қала тұрғыны пышақпен әйелді қорқытып, ұрып, сөмкесін алып кеткені туралы хабар түсті. Аталған оқиғаны көшеде көлікпен өтіп бара жатқан такси жүргізушісі байқап қалған», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қарақшылық жасаған күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Күдікті бұрын сотталған Қонаев қаласының тұрғыны екені анықталды. Оның үстінен ҚР ҚК-нің қарақшылық бабы бойынша іс қозғалды», — деп жазды баспасөз қызметі