Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында айтылды.
Облыстық партия төрағасы Қуат Байғоджаев № 11 бірмандаттық сайлау округінде босаған депутаттық орынға жылыжай кешенінің басшысын ұсынды.
«Ұсынылатын кандидат «LST AGRO» ЖШС директоры Мухамедьяров Самат Тулеуханұлы. Ол 12 жылдан бері жылыжайды басқарып отыр. Онда Арна мен Заречный ауылының 200-ден аса тұрғыны жұмыс істейді. Бұған дейін әр түрлі қызметте, жеке фирмаларда жұмыс істеген», – деді партия төрағасы.
Айта кету керек, бір ай бұрын қалалық мәслихаттың экс-депутаты Александр Волженин өз өкілеттігін басқа қалаға қоныс аударуына байланысты тоқтатты.