ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жанындағы волонтерлер кеңесі мен Алматы облыстық прокуратурамен бірлескен мемлекеттік қызметшілер ерікті жандардың қатысуымен «DONORBOLIKE» атты қан тапсыру акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Аталмыш акция Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп Қаскелең қаласының Облыстық қан орталығының қызметкерлерімен Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында өтті.
Акция барысында департамент басшысы Арсен Жақыпов акцияның барлық қатысушыларына және ақ халатты абзал жандарға алғысын білдіріп, донорлық қан адам өмірін сақтап қалатын жағдайлардың аз емес екенін атап өтті.
Осындай акциялардың арқасында ерікті донор дәстүрі жандануда, яғни қан қоры артып, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Айта кететін жайт, акцияға облыс орталығының 80-ге жуық адам қатысып, 35 литрге жуық қан тапсырылды.