Мақсаты – өңірде тауарлы балық санын молайтып, өзен-көлдерді балыққа толтыру. Биыл Алматы және Жетісу облыстарының шаруалары 2 мың 300 тонна су маржанын өсірген. Жыл соңына дейін тауарлы балық көлемі 5 мың тоннаға жетеді деп болжанып отыр.
Акция аясында Қапшағай су қоймасына 50 мың шабақ жіберілді. Сонымен бірге тауар өндірушілердің көрмесі өтіп, балық шаруашылығын дамытуға үлес қосып жүргендер марапатталды.
«Балықтарды ұстау және балық шабақтарын сатып алуға 50% субсидиялар қарастырылған. Осы жылы Алматы облысы әкімдігі 150 млн теңге көлемінде субсидия бөліп, қазіргі таңда 95% игерілген», — дейді Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Құмашев.